Заң – қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіптің негізі.
Әр азамат өз құқығы мен міндетін біліп, заң талаптарын сақтаған кезде ғана елде тыныштық пен береке орнығады. Заңды құрметтеу тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Ол – қоғамның әр мүшесіне ортақ жауапкершілік. Жол ережесін сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өзгенің құқығына құрметпен қарау сияқты қарапайым қағидалардың өзі заңға деген құрметтен басталады. Әсіресе, жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттырудың маңызы зор. Заңды білетін, тәртіпті сақтайтын жас – елдің болашағына сенімді азамат.
Заң үстемдік еткен жерде тәртіп орнайды, тәртіп орнаған жерде тұрақты қоғам қалыптасады.
Мусин Мерей, Жылыой ауданы тұрғыны



