Қоғамның тұрақты әрі қауіпсіз дамуы ең алдымен заң мен тәртіпке байланысты.
Менің ойымша, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамдағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталған маңызды ұстаным. Заң – баршаға ортақ талап. Адам өз құқығын білгенімен қатар, өз міндетін де түсінуі қажет. Көшеде тәртіп сақтау, қоғамдық орындарда өзгелерге құрметпен қарау, жол ережесін бұзбау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі заңға деген құрметтен басталады.
Кейде адамдар тәртіпті тек полиция немесе басқа да құқық қорғау органдары қамтамасыз етуі керек деп ойлайды. Алайда қауіпсіз қоғам құруға әр азаматтың үлесі бар. Егер әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтаса, көптеген құқық бұзушылықтың алдын алуға болады.
Әйгерім Қайратқызы, Жылыой ауданы тұрғыны



