Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты кепілі – заңның үстемдігі. Кез келген мемлекеттің дамуы азаматтардың заң талаптарын қаншалықты құрметтейтініне тікелей байланысты.
Сондықтан заңға бағыну тек құқық қорғау органдарының талабы емес, әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы қажет. Бүгінде елімізде заң мен тәртіп қағидатын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл бастамалардың негізгі мақсаты – әділетті қоғам қалыптастырып, әр адамның құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Өкінішке қарай, кей жағдайда азаматтар заң талаптарын ұсақ-түйек мәселе ретінде қабылдап жатады. Жол қозғалысы ережесін сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау секілді қарапайым қағидалардың өзі заңға деген құрметтің көрінісі болып табылады.
Сандуғаш Бахтиярова, Жылыой ауданы тұрғыны



