Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің басты кепілі – заңның үстемдігі. «Заң мен тәртіп» қағидаты тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті өміріне де тікелей қатысты. Заңды құрметтеу – мемлекетке деген құрметтің, ал тәртіпті сақтау – өзіңе және өзгеге деген жауапкершіліктің белгісі.
Бүгінде құқық бұзушылықтың алдын алу тек полицияның немесе құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл – бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әр адам жол қозғалысы ережесін сақтап, қоғамдық орындарда мәдениеттілік танытып, өз құқықтарымен қатар өз міндеттерін де орындағанда ғана қауіпсіз орта қалыптасады. Соңғы жылдары елімізде құқықтық мәдениетті арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Түсіндіру жұмыстары, профилактикалық кездесулер, жастармен жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар – мұның барлығы заңға бағынатын қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдар.
Заңды құрметтеу – қорқыныштан емес, саналы таңдаудан туындауы тиіс. Өйткені заң үстемдік құрған жерде әділдік орнайды, ал әділдік бар жерде қоғамның болашағы баянды болады.
Ханымзия Алпамысова, Жылыой ауданы тұрғыны




