Заңға бағыну – қоғам тұрақтылығының негізі

Кез келген мемлекеттің дамуы мен тыныштығы заңның дұрыс сақталуына байланысты. Егер қоғамда тәртіп болса, адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді.

Сондықтан «Заң мен тәртіп» ұғымы әр азамат үшін маңызды болуы керек деп ойлаймын.Өкінішке қарай, кейбір адамдар заңды елемей, қоғамдық тәртіпті бұзады. Мұндай әрекеттер қоғамға кері әсерін тигізеді. Ал заңды құрметтеу – мәдениеттіліктің белгісі. Әр адам өз құқығын ғана емес, өз міндетін де білуі қажет. 
      Заңға бағынатын елдің болашағы жарқын болады. Тәртіп орнаған жерде әділдік пен сенім қалыптасады. Сондықтан жастарды кішкентайынан заңды сыйлауға тәрбиелеу өте маңызды.

Диана Ізбасар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT