Менің пікірімше, есірткі – қоғам үшін ең қауіпті мәселелердің бірі. Ол адамның денсаулығына ғана емес, оның болашағына, отбасысына және айналасындағы адамдарға да үлкен зиян келтіреді. Есірткіге тәуелді болған адам өз өмірін бақылаудан шығарып, түрлі қиындықтарға тап болады. Сондықтан бұл мәселеге бейжай қарауға болмайды.
Заң мен тәртіп есірткінің таралуына қарсы басты құрал болуы тиіс. Есірткі сатумен айналысатын адамдарға қатаң жаза қолданылып, мұндай қылмыстардың алдын алу шаралары күшейтілуі керек.
Есірткіге қарсы күрес – тек мемлекеттің емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Тәртіпке бағынған, салауатты өмір салтын ұстанған қоғамның болашағы әрқашан жарқын болады.
Саламат Жәнібекұлы
«Қазақ Зағиптар Қоғамы» филиалының басшысы


