Заң мен тәртіпті сақтау – қоғам алдындағы маңызды жауапкершілік.
Әрбір азамат заң талаптарын орындап, қоғамдық ортада тәртіп пен әдептілік танытуы қажет. Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін заң талаптарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың жауапкершілігін қалыптастыру маңызды. Өз құқығын білетін әрі өзгенің құқығын құрметтейтін азаматтар қоғамның дамуына үлес қосады. Сондықтан заңға бағыну мен тәртіпті сақтау әр адамның күнделікті өмірлік ұстанымына айналуы тиіс.
Заңға құрмет – елге құрмет!




