Заңды сақтау – ортақ жауапкершілік

 

«Салық төлеуден жалтару – қоғам мен мемлекетке кері әсер ететін заң бұзушылықтардың бірі деп ойлаймын. Себебі салық – елдің дамуына, әлеуметтік салалардың жұмыс істеуіне, білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және басқа да маңызды бағыттарды қолдауға жұмсалатын негізгі қаржы көзі.
Әрбір азамат пен кәсіпкер заң талаптарын сақтап, өз міндетін жауапкершілікпен орындауы қажет. Салық төлеуден жалтару тек мемлекетке емес, бүкіл қоғамға зиянын тигізеді. Себебі бюджетке түсетін қаражат азайса, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына да әсер етуі мүмкін.
Менің ойымша, салық төлеу – тек міндет емес, елдің дамуына қосқан үлес. Заңды сақтау, адал еңбек ету және салықтық жауапкершілікті түсіну – әрбір азаматтың борышы. Қоғамда салық мәдениетін қалыптастыру арқылы ғана әділетті әрі тұрақты мемлекет құруға болады.
Сондықтан салық төлеуден жалтаруға жол бермеу, заң талаптарын сақтау және мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезіну – баршамызға ортақ міндет деп санаймын.

Бибігүл Нұрланқызы

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жетекші-координаторы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT