«Заңды білу – жауапкершілікті сезіну»

«Кез келген азаматтың өз ойын ашық айтуға құқығы бар.

Алайда сол құқықты жүзеге асыру барысында заң талаптарын да ескерген жөн деп ойлаймын. 

 

Жиындар мен қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырудың белгіленген тәртібі – азаматтардың пікірін шектеу үшін емес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.

 

Меніңше, өз көзқарасыңды білдіру мен заң талаптарын сақтау бір-біріне қайшы емес. Керісінше, заң аясында әрекет ету – өзіңе де, айналаңдағы адамдарға да деген құрмет.

 

          Думан Мұратұлы

  Аудандық мешіттің бас имамы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT