Заңды білу тек мамандарға қажет деген түсінік дұрыс емес.
Әр азамат өзінің құқығы мен міндетін білгені маңызды. Өйткені заңды білетін адам өз құқығын қорғап қана қоймай, өзгенің де құқығын құрметтей алады.
Қоғамда заң талаптарын сақтау мәдениеті қалыптасса, дау-дамай мен құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік артады. Әсіресе жас ұрпаққа заңға құрметпен қарауды үйрету – маңызды міндет. Заң мен тәртіп – бір күнде қалыптасатын құндылық емес. Ол әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Заңды құрметтеу арқылы біз өзімізге де, қоғамға да қауіпсіз орта қалыптастырамыз.
Бекарыс Елеусін, Жылыой ауданы тұрғыны



