Қазіргі қоғамда әр адамның өз құқығы мен міндетін білуі өте маңызды.
Себебі заңды білетін адам өз құқығын қорғай алады және басқа адамдардың құқықтарын да құрметтейді. Осы тұрғыдан алғанда, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының маңызы ерекше деп ойлаймын.
Құқықтық сауаттылық тек заңгерлерге қажет деген түсінік дұрыс емес. Кез келген азамат еңбек ету, білім алу, қоғамдық ортада өмір сүру барысында түрлі заңдармен кездеседі. Сондықтан өз құқықтарыңды білу күнделікті өмірде көптеген мәселеден сақтануға көмектеседі. Әсіресе жастардың құқықтық сауатын арттыру маңызды. Жасөспірім өз әрекетінің салдарын түсініп, заң талаптарын білсе, түрлі құқық бұзушылықтан аулақ болады. Сонымен қатар интернеттегі қауіпсіздік, алаяқтықтан қорғану, өзгенің жеке мәліметтеріне құрметпен қарау сияқты мәселелер де құқықтық білімді талап етеді.
Қайырхан Беболатұлы, Жылыой ауданы тұрғыны



