Заңды біл, алаяқтан сақтан

Қазіргі таңда алаяқтық қоғамда жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың біріне айналып отыр. Әсіресе интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер көбейіп, көптеген азаматтар қаржылық шығынға ұшырауда. Сондықтан әр адам өз жеке деректерін қорғап, күмәнді хабарламалар мен қоңырауларға сақтықпен қарауы қажет.

Менің ойымша, алаяқтықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Алаяқтар адамдардың сенгіштігін пайдаланып, түрлі айла-шарғыға барады. Сол себепті қаржылық операциялар жасағанда, банк картасының деректерін ешкімге бермей, ақпараттың дұрыстығына көз жеткізу маңызды.

Заң мен тәртіп үстемдік құрған қоғамда мұндай қылмыстарға жол берілмеуі тиіс. Әр азамат құқықтық сауаттылығын арттырып, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараса, алаяқтық қылмыстарының саны да азая түсер еді. Заңды құрметтеу мен сақтық таныту – өзімізді және жақындарымызды қорғаудың ең тиімді жолы.


                                         Жұлдыз Жандос

                                          Жеке кәсіпкер 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT