Заң үстемдігі – ел тірегі

Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізі. Менің ойымша, қоғамда әділдік орнап, елдің болашағы жарқын болуы үшін жемқорлыққа қарсы күрес күшеюі керек. 

Қазіргі таңда елімізде заң үстемдігін нығайту бағытында түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Бұл – қоғамдағы әділдікті қалыптастыруға жасалған маңызды қадам. Егер әрбір азамат заңды құрметтеп, тәртіпті сақтаса, жемқорлықтың жолын кесуге де мүмкіндік артады деп ойлаймын.

 Жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әр адам өз ісіне адал болып, заң талаптарын сақтаса, қоғамда әділдік пен сенім нығая түседі. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз деп есептеймін.

                                Қала тұрғыны
                               Батыр Ақмолдаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT