Қоғамның дамуы мен өркендеуі ең алдымен ондағы заң мен тәртіптің сақталуына байланысты. Заң – адамдардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын негізгі құрал болса, тәртіп – сол заңдардың күнделікті өмірде орындалуын қамтамасыз ететін маңызды қағида. Осы екеуі бір-бірімен тығыз байланыста болып, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықтың кепілі болып табылады.
Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеу. Егер заңдар әділ әрі дұрыс қабылданса, халықтың оған деген сенімі артады. Ал сенім бар жерде тұрақтылық пен бірлік нығаяды. Сондықтан заң шығару барысында халықтың мүддесі әрқашан басты назарда болуы тиіс. Тәртіп – заңдардың орындалу деңгейін көрсететін айна іспетті. Егер адамдар заң талаптарын құрметтеп, оларды бұлжытпай орындаса, қоғамда тәртіп орнайды. Ал тәртіп бар жерде қылмыс азайып, адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді. Бұл өз кезегінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді. Заң мен тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес, бұл – әрбір азаматтың борышы. Әр адам өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауға ұмтылуы керек. Сонда ғана қоғамда әділдік орнап, бейбіт өмір қалыптасады.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ


