Заң мен тәртіп – қоғамның берік іргетасы. Ал жемқорлық сол іргетасқа түскен сызат іспетті.
Мен үшін жемқорлық – тек заң бұзушылық қана емес, ол әділетке, сенімге жасалған қиянат деп қабылданады. Себебі парақорлық жайлаған жерде адал еңбек ескерусіз қалады, ал әділдік кейінге ысырылып, қоғамда теңсіздік күшейеді.
Кейде адамдар жемқорлықты «мәселені тез шешудің жолы» деп ақтағысы келеді. Алайда бұл – уақытша жеңілдік қана. Шын мәнінде, мұндай әрекет ертеңгі күнге деген сенімді әлсіретеді. Егер әркім өз пайдасы үшін заңды айналып өтсе, онда тәртіптің мәні қалмайды.
Менің ойымша, жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, әр адамның ішкі ұстанымынан басталуы тиіс. Адалдық пен жауапкершілік – әр азаматтың басты қағидасына айналғанда ғана қоғамда шынайы өзгеріс болады.
Қала тұрғыны
Мұхеммед Рзаханұлы


