Заң мен тәртіп – еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің негізі деп ойлаймын, себебі әрбір адам заңды сақтап, өз ісіне жауапкершілікпен қараса, қоғамда әділдік пен өзара сыйластық орнайды.
Әр азамат қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болып, өзгенің құқығын бұзбауға тырысуы керек. Заңды құрметтеу тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, ол – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әсіресе, жас ұрпаққа заңды сыйлауды, адал болуды және тәртіпті сақтауды отбасынан бастап үйретуіміз қажет. Елімізде заң үстемдік құрып, әрбір азамат өзін қауіпсіз сезініп, бейбіт әрі тыныш өмір сүрсе екен деймін.
Ақгүл Кетебаева




