Заң мен тәртіп – жемқорлықсыз қоғамның негізі

Жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін ең қауіпті құбылыстардың бірі.

Ол әділдік пен сенімді бұзады, қарапайым халықтың құқықтарының тапталуына әкеледі. Менің ойымша, заң мен тәртіп әр азамат үшін бірдей жұмыс істеуі тиіс. Егер заң бәріне ортақ әрі әділ орындалса, жемқорлықтың жолы да біртіндеп жабылады.

Қазіргі таңда жемқорлыққа қарсы күрес күшейіп келеді, бірақ бұл тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, әрбір адамның санасынан басталуы қажет. Себебі кейде адамдар өз мәселесін тез шешу үшін заңсыз жолдарға жүгініп жатады. Мұндай әрекеттер қоғамды артқа тартады.

Мадина Сабыржанқызы 

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT