Заң мен тәртіп – жарқын болашақтың айқын көрінісі

Заң мен тәртіп қағидатын сақтау – баршамызға ортақ міндет.

Себебі елдің дамуы мен халықтың әл-ауқаты ең алдымен қоғамдағы тұрақтылыққа, өзара сыйластыққа және қауіпсіздікке байланысты. Әрбір азамат заң алдында жауапты екенін сезініп, қандай жағдайда да әділдік пен адамгершілік қағидаларын ұстануы қажет.

Бүгінгі таңда қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасындағы тәрбиеге көңіл бөлу, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру ерекше маңызды. Біз балаларымыздың қауіпсіз ортада өсіп, сапалы білім алып, болашаққа сеніммен қадам басқанын қалаймыз. Ол үшін әрқайсымыз қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарына құрметпен қарауымыз керек.

Заң мен тәртіп тек айтылған сөз күйінде қалмай, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Көшеде тазалық сақтау, қоғамдық орында әдепті болу, өзгенің құқығына қол сұқпау, заңсыз әрекеттерге жол бермеу – осының барлығы азаматтық мәдениеттің көрінісі. Әрбір адам өзінен бастап тәртіп сақтаса, қоғамда сенім мен сыйластық артады. Тәртіпті елдің болашағы да жарқын болады деп есептеймін.

                                                                                    Қалжан Абенова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT