Заң мен тәртіп ортақ міндетіміз

Қоғамда заң мен тәртіптің сақталуы әрбір адамның өмірі үшін өте маңызды, өйткені тәртіп бар жерде тыныштық, ал заңға құрмет бар жерде әділдік болады.

Біз күнделікті өмірде қарапайым ережелерді сақтаудан бастап, жол қозғалысы талаптарын орындауға, қоғамдық орындарда әдепті болуға және басқа адамдардың құқығын құрметтеуге дейінгі әрбір әрекетімізге жауапкершілікпен қарауымыз керек. Кейде адамдар заңды сақтауды тек айыппұлдан немесе жазадан қорыққан кезде ғана ойлайды, алайда заңды сақтау адамның ішкі мәдениеті мен тәрбиесінен басталуы тиіс. Әрқайсымыз өз міндетімізді дұрыс орындап, айналамызға үлгі болсақ, қоғамымыз да қауіпсіз әрі жайлы бола түседі. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – тек бүгінгі күннің талабы емес, келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалатын маңызды қадам.

Мөлдір Қуандықов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT