«Заң мен тәртіп – қоғамның негізі»

Заң мен тәртіп әрбір адам үшін маңызды.

Заң бар жерде тәртіп болады, ал тәртіп бар жерде тыныштық пен қауіпсіздік болады. Әр адам заңды құрметтеп, өз міндетін дұрыс орындауы керек. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жол ережесін бұзбау — барлығымызға ортақ міндет.

Заңды сақтау тек полицияның немесе мемлекеттік қызметкерлердің міндеті емес. Ол әрбір азаматтың өзінен басталады. Егер әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, өзгенің құқығын құрметтесе, қоғамымыз да жақсы жаққа өзгереді.

Заңға бағыну — өзіңді және өзгелерді құрметтеу. Сондықтан әрқайсымыз тәртіпті сақтап, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігіне өз үлесімізді қосуымыз керек. Балаларымызға да кішкентай кезінен заңды құрметтеуді, адал болуды және жауапкершілікті үйреткеніміз дұрыс. Өйткені тәртіпті ұрпақ — еліміздің жарқын болашағы.

 

Жадыра Сисенова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT