Менің ойымша, заң мен тәртіптің сақталуы – кез келген елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің басты негізі. Әрбір азамат заң талаптарын құрметтеп, қоғамдық тәртіпті сақтауды өзінің азаматтық міндеті деп түсінуі керек. Өйткені құқық бұзушылықтың кез келген түрі тек бір адамға ғана емес, тұтас қоғамға зиянын тигізеді.
Қазіргі таңда алаяқтық, ұрлық, қоғамдық тәртіпті бұзу секілді құқық бұзушылықтардың алдын алу – баршамызға ортақ міндет. Мұндай келеңсіз әрекеттерге бейжай қарамай, заң талаптарын сақтап, жастарға құқықтық мәдениетті насихаттау маңызды деп санаймын.
Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заңды құрметтесе, қоғамда өзара сенім артып, тыныштық пен қауіпсіздік нығая түседі. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Мадина Шәмелқызы
Жеке кәсіпкер



