«Заң мен тәртіп» қоғам тұрақтылығының негізі

«Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі»

Заң мен тәртіп – кез келген өркениетті қоғамның басты құндылығы. Қоғамда тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы, азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі ең алдымен заң талаптарын құрметтеуге және тәртіпті сақтауға байланысты. Әрбір азамат заңды білуге, оны орындауға және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға міндетті деп есептеймін.

Заң мен тәртіп тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, бұл – баршамызға ортақ міндет. Отбасында балаға кішкентай кезінен тәртіпті болуды, үлкенді сыйлауды, өзгенің құқығын құрметтеуді үйретуіміз керек. Мектепте оқушыларға құқықтық тәрбие беріліп, жастар арасында заңға деген құрмет қалыптасуы қажет.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жол ережелерін бұзбау, айналамыздағы адамдарға құрметпен қарауда заң мен тәртіптің маңызды бөлігі. Әр адам өз міндетін адал атқарып, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінсе, елімізде құқық бұзушылықтар азайып, халықтың қауіпсіздігі арта түседі.

Сондықтан заңды құрметтеу – өз болашағымызды құрметтеу деп білемін. Заң үстемдік еткен елде әділдік орнап, халықтың мемлекетке деген сенімі нығаяды. 

Дана Баймағанбетова

 

 

 

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT