Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Қоғамның тұрақтылығы мен дамуы ең алдымен заң мен тәртіпке байланысты. Заң – адамдардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын негізгі ереже болса, тәртіп – сол заңдарды құрметтеп, орындаудың көрінісі. Заң үстемдік құрған жерде әділдік салтанат құрып, әр азамат өзін қауіпсіз сезінеді. Тарихқа көз жүгіртсек, заң жүйесі мықты қалыптасқан мемлекеттер әрқашан дамудың биік сатысына көтерілген.

Мысалы, Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында маңызды құжат – Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік береді және заң мен тәртіптің басты негізі болып табылады.

Заң мен тәртіп тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана қатысты емес. Ол – әрбір азаматтың ішкі мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші. Егер адам жол ережесін сақтаса, салықты уақытында төлесе, өзгелердің құқығына құрметпен қараса – бұл қоғамдағы тәртіптің нығаюына қосқан үлесі. Ал заңды бұзу – тек жеке адамға емес, тұтас қоғамға зиян келтіреді. Бүгінде құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етуде. Дегенмен, заңның тиімділігі тек жазалаумен өлшенбейді. Ең бастысы – құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру. Әсіресе жастар арасында заңға құрмет сезімін тәрбиелеу – болашақтың кепілі.

Асылай Аманжанқызы, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026