Заң мен тәртіп – ел бірлігі мен тұрақтылығының кепілі


     Кез келген мемлекеттің дамуы қоғамдық тәртіптің сақталуына және заңның үстемдігіне байланысты. Заң үстемдік құрған қоғамда адамдар өз құқықтарының қорғалатынына сенімді болады, ал міндеттерін адал орындау ортақ игілікке қызмет етеді. 

«Заң мен тәртіп» қағидаты – тек құқық бұзушылықпен күресу емес, ең алдымен оның алдын алу. Әсіресе жастардың құқықтық тәрбиесіне көңіл бөлу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу – уақыт талабы. Тәртіп сақталған жерде қоғамдық келісім нығаяды, еңбек өнімділігі артады, инвестициялық ахуал жақсарады және елдің дамуына қолайлы жағдай қалыптасады. Сондықтан заң талаптарын сақтау әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі ғана емес, ел болашағына қосқан үлесі болып саналады.

                                                 Өтеміс Мақашұлы, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT