Кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен өркениеттілігі оның экономикалық жетістіктерімен ғана емес, ең алдымен, қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейімен өлшенеді.
Бүгінде елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеп берген «Заң мен Тәртіп» және «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы — жай ғана ұран емес, әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен жарқын болашағының кепіліне айналды. Заң үстемдік құрған жерде ғана бейбітшілік, теңдік және даму болады.
Қоғамдағы тәртіп үлкен қылмыстармен күресуден ғана емес, күнделікті өмірдегі ұсақ ережелерді сақтаудан басталады. Көшеге қоқыс тастау, жол жүру ережесін елемеу, қоғамдық орындарда әдепсіздік таныту сияқты ұсақ құқық бұзушылықтарға көз жұма қарау — үлкен заңсыздықтарға жол ашады. Сондықтан әрбір азаматтың бойында кез келген тәртіпсіздікке қарсы «мүлдем төзбеушілік» қасиеті қалыптасуы тиіс. Тәртіп бар жерде — береке бар.
Ә.ҚОЗЫБАЙ




