Кепілге алу – адам өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін аса ауыр қылмыстардың бірі. Себебі әр адамның өмір сүруге, еркін жүруге және қауіпсіз ортада болуға құқығы бар. Біреуді еркінен тыс ұстап, өз мақсатына пайдалану – адам құқықтарын өрескел бұзу болып саналады.
Мұндай әрекет тек зардап шеккен адамға ғана емес, оның жақындарына және жалпы қоғамға үлкен әсер етеді. Кепілге алу адамдар арасында қорқыныш пен сенімсіздік тудырады. Сондықтан мұндай қылмыстардың алдын алу үшін заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және кез келген даулы мәселені бейбіт жолмен шешуге ұмтылу маңызды.
Менің пікірімше, адам өмірі мен бостандығы – ең жоғары құндылықтардың бірі. Қоғамда әр азамат бір-бірінің құқығын құрметтеп, заңға бағынуы керек. Заң мен тәртіп сақталған жерде ғана адамдар өздерін қауіпсіз сезініп, тұрақты өмір сүре алады.
Кепілге алу сияқты қылмыстарға жол бермеу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әр адам заңды құрметтеп, адамгершілік пен жауапкершілікті жоғары қоюы қажет.
Берік-Әли Исатайұлы
Аудандық прокуратураның прокуроры



