Заң – қорқыныш құралы емес, сенім кепілі

Көп жағдайда адамдар заңды тек тыйым салатын, жазалайтын құрал ретінде қабылдайды. Алайда заңның негізгі мақсаты – қорқыту емес, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету. Егер азаматтар заңға сенсе, мемлекет те берік болады.

 Қазіргі қоғамда заңды сақтау мәдениеті тек құқық қорғау органдарының жұмысына байланысты емес. Ол әр адамның ішкі жауапкершілігінен басталады. Мысалы, жол қозғалысы ережесін полициядан қорыққандықтан емес, өз өміріміз бен өзгелердің қауіпсіздігі үшін сақтауымыз керек. Заң үстемдігі орнаған мемлекетте азаматтардың құқықтары қорғалады, кәсіпкерлік дамиды, сыбайлас жемқорлық азаяды. Себебі бәрі заң алдында тең екенін түсінеді. Ал заңға деген сенім жоғалған жерде әділетсіздік көбейіп, қоғамның дамуы тежеледі.

Жұлдызай Мейрамбекқызы, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT