Заң – қорқыныш емес, қорған

Кейде заңды тек жаза қолданатын құрал ретінде қабылдаймыз. Шын мәнінде, заң – әр азаматтың құқығын қорғайтын басты кепіл.

Қоғамдағы тұрақтылық пен әділдік ең алдымен заңның үстемдігіне байланысты. «Заң мен тәртіп» қағидаты адамдардың бір-біріне деген құрметін арттырады. Жолда, қоғамдық орында немесе жұмыс орнында болсын, әркім өз міндетін адал атқарса, қоғамда тәртіп те, сенім де нығаяды. Заңды сақтау – мемлекетті құрметтеу ғана емес, өз болашағымызға жауапкершілікпен қарау. Сондықтан заңға бағыну – мәжбүрлік емес, саналы азаматтың таңдауы болуы тиіс.

Нұрай Алданова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT