«Заң – қоғамның тірегі»


     Заң – кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізі. Ол адамдардың құқықтары мен міндеттерін айқындап, қоғамда тәртіптің сақталуына ықпал етеді. Егер әрбір азамат заңды құрметтеп, оны бұлжытпай орындаса, елде тыныштық пен әділдік орнайды.
     Заңды білу ғана емес, оны күнделікті өмірде сақтау да маңызды. Жол жүру ережесін сақтау, қоғамдық орындарда тәртіпті бұзбау, өзгенің құқығына құрметпен қарау – заңға бағынудың қарапайым үлгілері. Осындай әрекеттер арқылы біз қоғамның дамуына өз үлесімізді қосамыз. Заң – әр азаматтың қорғаны әрі қоғамның сенімді тірегі. Сондықтан заңды құрметтеу – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз.

Сандуғаш Айтқұлова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT