Заң бұзудың салдары ауыр

Өрт қою – тек заңға қайшы әрекет қана емес, адам өмірі мен қоғам қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Бір сәттік ашу-ыза немесе жауапсыздықтың салдарынан тұрғын үйлер, кәсіпкерлік нысандар, табиғат пен адамдардың тағдыры зардап шегуі мүмкін. Мұндай қылмыстың материалдық шығыны ғана емес, орны толмас моральдық зардабы да болады. 

Сондықтан әрбір азамат қауіпсіздік талаптарын сақтап, бөтеннің мүлкіне және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы қажет. Заңды құрметтеу мен қоғамдық тәртіпті сақтау – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты шарты. 

 Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты арттырып, жастарға жауапкершілік пен заңға құрмет сезімін сіңіру маңызды деп есептеймін.

Мадина Әбдиғалиева 

 Аналар кеңесінің төрайымы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT