Жаңа Қазақстанға - жаңа Конституция

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды.

Осы орайда, Мен, аудандық мәслихат депутаты ретінде, бұл саяси үдерісте тұрғындардың ерекше белсенділік танытқанын атап өткім келеді. Әрбір азаматтың өз таңдауын жасауға деген ұмтылысы, ел дамуына бейжай қарамайтындығы қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісі. Бұл біздің халқымыздың ел тағдырына деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің нақты дәлелі. Референдум халық пен билік арасындағы ашық диалогтың маңызды тетігі. Осы жолғы жалпыхалықтық дауыс беру барысында азаматтар өз пікірлерін еркін білдіріп, мемлекет дамуының стратегиялық бағытын айқындауға тікелей атсалысты. Бұл өз кезегінде қоғамдағы сенім деңгейінің артқанын және жүргізіліп жатқан реформалардың халық тарапынан қолдау тапқанын көрсетеді.

Сонымен қатар, референдум қорытындысы елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың өзектілігін дәлелдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастамаларға халықтың қолдау білдіруі елдің жаңғыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл азаматтардың болашаққа деген сенімі мен тұрақты дамуға деген ұмтылысының айғағы. Осындай тарихи сәтте қабылданған шешімдер еліміздің алдағы дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Референдум нәтижелері әділетті, ашық әрі жауапты қоғам құру жолындағы нақты қадамдарды айқындап берді. Бұл «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын іске асырудағы маңызды кезеңдердің бірі. 

Қорыта айтқанда, референдум ел бірлігінің, қоғамдық келісімнің және саяси мәдениеттің жоғары деңгейінің көрінісі болды. Әрбір азаматтың белсенді қатысуы мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, ортақ мақсаттарға жету жолында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Халықтың ауызбіршілігі мен саналы таңдауы тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының кепілі.

Ризангүл Сақиқызы,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT