Вандализм – қоғамға жасалған құрметсіздік

Вандализм – жай ғана мүлікті бүлдіру емес, ол қоғамға, туған қалаға және өзге адамдардың еңбегіне деген құрметсіздіктің көрінісі. Саябақтардағы орындықтарды сындыру, аялдамаларды бүлдіру, қабырғаларға рұқсатсыз жазу жазу немесе қоғамдық мүлікті қасақана зақымдау – мұның барлығы ортақ игілікке зиян келтіреді.

Таза әрі көрікті ортаны қалыптастыру әрбір азаматтың жауапкершілігі. Сондықтан қоғамдық мүлікке жанашырлықпен қарап, вандализмнің кез келген түріне бейжай қарамауымыз қажет. Заң талаптарын сақтау мен айналамызға құрметпен қарау – мәдениетті қоғамның басты белгісі.

Әсіресе жастардың бойында қоғамдық мүлікке ұқыптылық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру маңызды. Отбасында, мектепте және қоғамда берілетін тәрбие әр адамның ортақ құндылықтарды құрметтеуіне ықпал етеді. Әрбір тұрғын өз қаласының тазалығы мен көркіне үлес қосып, вандализмге жол бермеуге атсалысса, өмір сүруге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасады.

                    Жансұлу Алпысбаева                                    

  Жастар ресурстық орталығының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT