Вандализм — қоғам мәдениетіне қауіп

Бүгінгі күні вандализм қоғамда белең алып тұр. Вандализм дегеніміз — қоғамдық орындарды, ғимараттарды, ескерткіштерді, көлік аялдамаларын немесе басқа да мүліктерді әдейі бүлдіру.

Мұндай әрекет қоғамдағы тәртіп пен мәдениетке кері әсерін тигізеді. Өкінішке қарай, соңғы кезде жастар арасында қабырғаға орынсыз жазу жазу, орындықтарды сындыру, көшедегі шамдарды бүлдіру сияқты жағдайлар жиі кездеседі.

Вандализмнің басты зияны — қоғамдық мүлікке келетін шығын. Себебі бүлінген заттарды жөндеуге мемлекеттен көп қаражат жұмсалады. Сонымен қатар вандализм қаланың көркін бұзып, адамдардың көңіл күйіне де әсер етеді. Таза әрі әдемі ортада өмір сүргісі келетін азаматтар үшін мұндай әрекеттер өте жағымсыз.

Сондықтан оның алдын алу үшін ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу қажет. Балаларды кішкентай кезінен тазалыққа, мәдениетке және қоғамдық мүлікті құрметтеуге үйрету керек. Сонымен қатар заңды күшейтіп, мұндай әрекет жасаған адамдарға тиісті жаза қолдану маңызды деп ойлаймын. Мектептерде және қоғамда түсіндіру жұмыстары көбірек жүргізілсе, адамдар вандализмнің зиянын жақсырақ түсінер еді.

                                                        
         
                                                                   Жұлдыз Жандос
                                                                     Жеке кәсіпкер 
      

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT