Құқықтық мемлекет құру тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Ол әр азаматтың заңды білуінен және құрметтеуінен басталады.
Бүгінде «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше серпін беріп отыр. Адам өз құқығын білгенде ғана өзгенің құқығын да сыйлай бастайды. Ал бұл – әділетті қоғамның негізі. Заң бәріне ортақ болған жерде ғана сенім қалыптасады. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру – болашаққа жасалған маңызды қадам деп есептеймін.
Мерей Мусин, Жылыой ауданы тұрғыны



