ТУҒАН ЖЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Туған жердің тазалығы – әр тұрғынның назарында болуы тиіс маңызды мәселе.

Осы бағытта ұйымдастырылып отырған «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаны қорғау мен елді мекендерді абаттандыруға үлкен серпін беріп келеді.

 

Акция аясындағы тазалық жұмыстарына түрлі жастағы тұрғындардың қатысуы – қоғамдағы ортақ жауапкершіліктің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Аула мен көшені тазалау, қоқыстарды жинау, ағаштарға күтім жасау сияқты қарапайым жұмыстардың өзі қоршаған ортаның жақсаруына айтарлықтай әсер етеді.

 

Тазалыққа деген көзқарас адамның мәдениетімен тікелей байланысты. Сондықтан балаларға да жастайынан табиғатты қорғаудың, қоршаған ортаны ластамаудың маңызын түсіндіру қажет. Үлкендердің жақсы үлгі көрсетуі жас ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастырады.

 

Мөлдір Нұрланова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT