«Таза Қазақстан» акциясын өте маңызды әрі пайдалы бастама деп санаймын. Тазалық – тек арнайы қызметтердің емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Өз ауламызды, көшелерімізді таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарасақ, қаламыздың көркі де арта түседі.
Осындай акциялардың адамдарды тазалыққа, ұқыптылыққа және туған жерге деген жауапкершілікке тәрбиелік мәні зор. Әр адам «тазалықты өзімнен бастаймын» деген ұстанымда болса, қоршаған ортамыз да көркейе түсер еді. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясына барша тұрғынды белсенді қатысуға шақырамын.
Сеит Қатиетов
Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы



