Туған жерге деген құрмет тазалықтан көрінеді

«Таза Қазақстан» акциясына қатысқанда, қолыма күрек алып, аумақ тазалаудан бұрын, өзіме бір сұрақ қоямын: «Бұл жердің тазалығы үшін мен не істеп жүрмін?».

Туған жердің тазалығы бір күнде қалыптаспайды. Ол күнделікті әдеттен басталады. Қоқысты кез келген жерге тастамау, ағашты сындырмау, айналаңа немқұрайлы қарамау – қарапайым әрекеттер болғанымен, үлкен мәдениеттің белгісі.

Біздің бүгін жасаған кішкентай ісіміз ертеңгі ұрпақтың өмір сүретін ортасына айналады. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы мен үшін тазалық жұмыстарынан әлдеқайда биік ұғым. Бұл – туған жерге деген сүйіспеншілікті сөзбен емес, іспен дәлелдеудің мүмкіндігі.

 

Гүлжансара Таңатарова

 Аудандық білім бөлімінің бас маманы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT