«Таза Қазақстан» – әрбір азаматты туған жерін сүюге, табиғатты қорғауға шақыратын жақсы бастама.
Еліміздің таза әрі әдемі болуы тек тазалық қызметкерлеріне ғана емес, барлығымызға байланысты. Әр адам өз үйінің ауласын, көшесін таза ұстап, қоқысты кез келген жерге тастамауды әдетке айналдыруы керек. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Осындай игі істер арқылы біз балаларымызға үлгі көрсетіп, туған жеріміздің көркеюіне үлес қоса аламыз.
Қоршаған ортаны таза ұстау тек арнайы қызметкерлердің ғана емес, қалада тұратын әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Ал, таза қала — дені сау ұрпақ пен мәдениетті қоғамның айнасы екенін ұмытпайық. Таза елде өмір сүру – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Еліміз таза, жеріміз көрікті, болашағымыз жарқын болсын!
Гүлзада Дадешова




