«Таза Қазақстан» бастамасы қоғамға үлкен серпін берді деп есептеймін. Себебі тазалық әр адамның өзінен басталады.
Кейде қоршаған ортаның тазалығына мән бермей жатамыз, алайда туған жердің көркеюі тұрғындардың жауапкершілігіне де байланысты. Көшелердің, саябақтардың және қоғамдық орындардың таза болуы қала мәдениетінің көрсеткіші.
Осындай акциялар адамдарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндейді. Болашақта мұндай игі шаралар жалғасын тауып, тұрғындардың белсенділігі одан әрі арта түседі деп сенемін.
Думан Мұратұлы
Аудандық мешіттің бас имамы



