«Туған жердің тазалығы – өз қолымызда»

Менің ойымша, «Таза Қазақстан» – әрбір азаматты туған жерін сүюге, табиғатты қорғауға шақыратын жақсы бастама.

Еліміздің таза әрі әдемі болуы тек тазалық қызметкерлеріне ғана емес, барлығымызға байланысты. Әр адам өз үйінің ауласын, көшесін таза ұстап, қоқысты кез келген жерге тастамауды әдетке айналдыруы керек. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Осындай игі істер арқылы біз балаларымызға үлгі көрсетіп, туған жеріміздің көркеюіне үлес қоса аламыз. Тазалық бар жерде тәртіп те, береке де болады. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасына әрқайсымыз белсенді қатысып, еліміздің таза әрі көрікті болуына атсалысайық!

 

Күнсулу Сәрсенова

 

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT