Туған жердің көркеюі әр адамның өз ауласынан, өз көшесінен басталады. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау – мәдениетті қоғамның басты қағидаларының бірі. «Таза Қазақстан» акциясы осы құндылықтарды дәріптеп, азаматтарды ортақ іске жұмылдыруда маңызды рөл атқарып келеді.
Экологиялық мәселелер бүгінде бүкіл әлемді алаңдатуда. Табиғатты қорғау тек заңмен реттелетін міндет емес, ол – әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. Көшеге қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, табиғи байлықтарды ұқыпты пайдалану – қоршаған ортаға жасалған үлкен қамқорлықтың бастамасы. Осындай игі бастамалар арқылы жастардың экологиялық мәдениеті қалыптасып, қоғамда жауапкершілік сезімі арта түседі. Өйткені табиғатты қорғау – болашаққа салынған инвестиция.
Еліміздің әрбір тұрғыны қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамай, ортақ іске өз үлесін қосқанда ғана Қазақстанымыз бұрынғыдан да көрікті, таза әрі жайлы мекенге айналады.
Думан Хисметов, Жылыой ауданы тұрғыны



