Туған жердің тазалығы бәрімізге ортақ міндет

Туған жерге деген сүйіспеншілік оның табиғатын аялаудан, көшесін таза ұстаудан және ортақ игілікке жауапкершілікпен қараудан басталады.

Адамның өз қаласына, ауылына деген құрметі күнделікті ісінен байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы қоғамның экологиялық мәдениетін арттырып, елді мекендерді көркейтуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

 

Тазалық мәселесі кез келген елді мекен үшін өзекті. Көшелер мен қоғамдық орындардың таза болуы тұрғындарға жайлы орта қалыптастырады. Ал жасыл аймақтарды күтіп ұстау, ағаштарды қорғау және тұрмыстық қалдықтарды ретімен жинау табиғи ортаның сақталуына ықпал етеді. Мұның бәрі жүйелі жұмысты және тұрғындардың белсенді қатысуын қажет етеді.

 

М.Есенгелді

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT