Таза әрі жайлы ортада өмір сүруді бәріміз қалаймыз. Осы мақсатта қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, елді мекендердің көркеюіне ықпал етіп келеді.
Ағаштарды күтіп-баптау, аумақтарды тазалау, қоқыстарды шығару сияқты жұмыстардың әрқайсысының маңызы зор. Туған жердің тазалығына бейжай қарамай, осындай бастамаларға белсенді қатысу – елге деген құрметтің бір көрінісі.
Талғат Арманов



