Тазалық – тек айналаны ретке келтіру емес, ол адамның ішкі мәдениетінің, туған жерге деген құрметінің белгісі. «Таза Қазақстан» акциясы осы құндылықтарды насихаттап, әр тұрғынды ортақ іске жұмылдыруымен ерекшеленеді. Бүгінде елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына тұрғындардың белсенді қатысуы көңіл қуантады.
Мен бұл бастаманы қоғам үшін маңызды қадам деп бағалаймын. Себебі қоршаған ортаның тазалығы адамның өмір сапасына, денсаулығына және көңіл күйіне тікелей әсер етеді. Бір тал отырғызу, бір көшені тазалау немесе табиғатқа жанашырлық таныту – үлкен өзгерістерге бастайтын игі әрекет.
Әр азамат «Бұл менің де туған жерім, бұл ортаға менің де жауапкершілігім бар» деген түсінікпен қараса, нәтижесі әлдеқайда жоғары болады. Тазалықты сақтау – арнайы акция кезінде ғана емес, күнделікті өмірдегі әдетке айналуы қажет.
Қуандық Өтебайұлы
Құлсары станциясы атқыштар тобы бастығының міндетін атқарушы



