Туған жер тазалығы – әр жүректегі жауапкершілік


«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің көркеюіне бағытталған маңызды әрі мағыналы бастама. Бұл – тек айналаны тазарту емес, ең алдымен адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертуге ықпал ететін үлкен тәрбиелік мәні бар жоба.
Менің ойымша, туған жердің тазалығы әр адамның өзінен басталады. Үйінің ауласын таза ұстау, көшеге қоқыс тастамау, табиғатты қорғау – үлкен мәдениеттің белгісі. Кейде кішкентай ғана әрекеттердің өзі қоршаған ортаға үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан тазалықты сақтау тек белгілі бір күндегі жұмыс емес, күнделікті дағдыға айналуы қажет.
«Таза Қазақстан» акциясы арқылы тұрғындардың бірлігі мен белсенділігін байқауға болады. Сенбіліктерге қатысып, аулаларды абаттандыруға үлес қосып жүрген азаматтар туған өлкесіне деген жанашырлығын көрсетіп келеді. Осындай ортақ істер адамдарды жақындастырып, елге деген құрметін арттырады.
Табиғат – бізге берілген баға жетпес байлық. Оны қорғау – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек алдындағы міндеті. Таза ауа, көрікті мекен, жасыл желек – барлығы да адам өмірінің сапасына әсер етеді. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау мәселесіне әр азамат жауапкершілікпен қарауы керек

                                                     Еркебұлан Таңжар 
                                         Жастар ресурстық орталығының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT