Тазалық – айналамызды жинастырумен ғана шектелмейтін ұғым. Ол адамның мәдениеті мен қоршаған ортаға деген құрметін көрсетеді.
«Таза Қазақстан» бастамасы көпшілікті табиғатты аялауға, туған жердің келбетін сақтауға үндеп отыр. Өзіміз өмір сүріп жатқан ортаның таза болуы көңіл-күйге де, денсаулыққа да оң әсер етеді. Сондықтан әр тұрғын өз ауласына, көшесіне, қоғамдық орындарға жанашырлықпен қарауы керек деп ойлаймын.
Табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Осындай игі істер көбейсе, еліміздің әр өңірі одан әрі көркейе түсетініне сенемін.
Гүлжансара Таңатарова
Аудандық білім бөлімінің бас маманы




