Цифрлық мемлекет – Қазақстанның жаңа даму бағыты

 Мемлекет басшысының цифрлық мемлекет құру жөніндегі бастамалары – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды стратегиялық шешімдердің бірі.

Президент өз сөзінде қазіргі кезеңде толыққанды цифрлық мемлекет қалыптастырудың басты міндет екенін атап өтіп, осы бағытта Парламент қабылдаған заңдардың тарихи маңызына ерекше тоқталды. Бүгінде цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына дендеп еніп келеді. Осындай жағдайда жасанды интеллектіні құқықтық тұрғыдан реттеу – уақыт талабынан туындаған қажеттілік. Әлемнің көптеген мемлекеттері бұл бағытта нақты құқықтық модель қалыптастыра алмай отырған кезде, Қазақстанның батыл қадам жасап, «Жасанды интеллект туралы» Заң мен жаңа форматтағы Цифрлық кодексті қабылдауы – еліміздің инновациялық дамуға деген ұмтылысын көрсетеді. Президент атап өткендей, Конституция азаматтардың киберкеңістіктегі дербес деректерін қорғауға кепілдік береді. Бұл – цифрлық қоғамды қалыптастырудағы ең маңызды қағидалардың бірі. Азаматтардың құқықтары мен ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету цифрлық экономиканы дамытудағы басты басымдық болуы тиіс.
            Қазіргі таңда Қазақстанның жасанды интеллектіге дайындық деңгейі бойынша Орталық Азияда көшбасшы атануы – жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижесі. Бұл жетістік цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және жаңа технологияларды тиімді енгізуге бағытталған жүйелі жұмыстың жемісі деп білемін.

Айнұр Махамбетова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT