Цифрлық әлемдегі жаңа тәртіп ережелері

Бүгінде адамдардың өмірі интернетпен тығыз байланысты. Біз білім аламыз, жұмыс істейміз, пікір алмасамыз және түрлі қызметтерді онлайн пайдаланамыз.

Осыған байланысты заң мен тәртіп мәселесі тек көшеде емес, виртуалды кеңістікте де өзекті бола түсті. Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату, кибербуллинг жасау немесе интернет алаяқтығына бару – қазіргі заманның кең таралған құқық бұзушылықтарының бірі. Өкінішке қарай, кейбір адамдар виртуалды ортада жауапкершілік аз деп ойлайды. Алайда интернеттегі әрекеттердің де нақты салдары бар. Сондықтан цифрлық сауаттылықпен қатар құқықтық мәдениетті де дамыту қажет. Әрбір азамат интернетте өз ойын білдірумен бірге өз жауапкершілігін сезінуі тиіс. Менің пікірімше, болашақта заң мен тәртіптің басты бағыты – цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік пен адам құқықтарының тепе-теңдігін сақтау болмақ.
                                        Әсемгүл МАҚАШОВА, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT