Цифрлық дәуірдегі заң: технология адамнан озып кетпеуі керек

 
Қазіргі таңда технологиялар қарқынды дамып келеді. Жасанды интеллект, әлеуметтік желілер және цифрлық платформалар адамдардың өмір салтын түбегейлі өзгертті. Осыған байланысты заң мен тәртіп мәселесі жаңа қырынан қарастырыла бастады. Интернет кеңістігінде жалған ақпарат тарату, кибербуллинг және онлайн алаяқтық сияқты құқық бұзушылықтар көбейіп келеді. Мұндай жағдайда заңдар да заман талабына сай жаңаруы қажет. Әйтпесе технологиялардың дамуы құқықтық реттеуден озып кетуі мүмкін. Сонымен қатар цифрлық бақылаудың да шегі болуы керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды болғанымен, азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауы тиіс. Заң осы екі мүдденің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға міндетті.
 
 
Мусин МЕРЕЙ, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT