Бүгінде интернет адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әлеуметтік желілер арқылы пікір білдіреміз, ақпарат аламыз, сауда жасаймыз. Алайда виртуалды кеңістіктегі еркіндік жауапкершілікті ұмыттыруы мүмкін.
Кейбір адамдар интернеттегі әрекеттері үшін жауап бермейді деп ойлайды. Жалған ақпарат тарату, басқа адамның ар-намысына тиетін пікір жазу немесе алаяқтық әрекеттер жасау заң алдында жауапкершілікке әкелетінін бәрі бірдей ескере бермейді. Цифрлық технологиялардың дамуы құқықтық мәдениеттің де жаңа деңгейге көтерілуін талап етеді. Әрбір қолданушы жариялаған ақпаратына жауапты болуы тиіс. Өйткені интернеттегі бір ғана жазба мыңдаған адамға әсер етуі мүмкін.
Көркем Әзербаева, Жылыой ауданы тұрғыны



